БҚО-да үй алуға «жәрдемдесіп», ақша алған басшы сотталды

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабы 2-тармағы негізінде жазаны өтеу мерзімінің төрттен бір бөлігі қысқартылып, түпкілікті 2 жыл 3 ай болып белгіленді.
Сот талқысында белгілі болғанындай, Н.Бейісов аталмыш қызметті атқара жүріп, 2014 жылғы қыркүйекте К. деген азаматтан басқа біреудің иелігіндегі үйде одан әрі тұру, сосын жария етуге септесемін деп, 50 мың теңге алған. Биылғы ақпанда уәдесін орындамағаны үшін ақшасын қайтаруды талап еткен К-ға 10 мың теңге беріп жатқан кезде Н.Бейісов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қолына түскен.
Сот үкім шығарған кезде қылмыстың қоғамдық қаупін, сотталушының кінәсін мойындағанын, асырауында екі баласы бар екендігін ескерді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.