БҚО-да заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған 4 адам ұсталды

None
Видеодан алынған кадр/ t.me/afm_rk
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған. Бұл деректі Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді.

Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған.

Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

«Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар