БҚО-да зауытына апаратын жолға зар болған инвестордың мәселесі қалай шешілді
Былтыр инвесто «West Group» ЖШС «Орал-Саратов» тасжолынан керамикалық кірпіш өндіретін өз зауытына (жобаның құны — 1,5 млрд теңге) кірме жол жоқтығына байланысты кедергіге тап болған, деп хабарлайды Kazinform.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан зауытқа (құрылыс кезеңіне) орман қоры арқылы өтуге уақытша рұқсат берілген және балама жол орман жанынан ұсынылған.
Алайда инвесторға бұл ұсыныс жолдың жамылғысына байланысты тиімсіз болған, өйткені аталған жолда тиелген ірі көлікті пайдалану мүмкін емес.
Фронт-офис алаңында облыс прокуратурасының үйлестіруімен карьер арқылы өту мүмкіндігі әзірленді және өткен жылы 13 желтоқсанда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұзақ мерзімді өтуге (8 жыл) рұқсатты мақұлдады.
Бизнес пен инвесторлардың құқығын қорғау мәселесі ерекше бақылауда.