БҚО-да жаңадан келген 100-ге жуық жас дәрігер жұмысқа орналасты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жаңадан келген 100-ге жуық жас дәрігер жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жаңадан келген 100-ге жуық жас дәрігер жұмысқа орналасты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімімен биыл өңірге 118 дәрігер бөлінді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, күні бүгін соның 94-і облысқа келіп, жұмысқа кіріп үлгерді. Осының басым көпшілігі (74-і) – Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің түлектері.

Облысқа жаңадан келген жас мамандарға барлық жағдай жасалуда.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжін тәмамдаған 307 маманның 242-сі қала мен аудандардағы медицина мекемелеріне орналасты. «Мақсат» жеке медицина колледжін 236 жас бітірсе, соның 144-і еңбек орнын тапты.

Қазіргі таңда ауруханада емделіп жатқан коронавирус дертіне шалдыққандардың саны қысқарғандықтан, орта буын медицина қызметкерлері арасында да тапшылық жоқ.

Стационарларда барлығы 111 медицина қызметкері (19 дәрігер, 51 орта буын қызметкері, 41 кіші қызметкер) еңбек етуде.

Еске кетсек, Батыс Қазақстанда 67 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салдынады.