БҚО-да жанармай стансасы маңында автокөлік өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май стансасы маңында автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 7 қыркүйек күні Ақсай қаласында Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кенішіне кіреберістің бірінде «Нэфтек» жанар-жағар май құю стансасы ауданында болды.

Сағат 12.48-де Daeoo Nexiа автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Тілсіз жау» сағат 12.57-де «Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиалы 33-өрт сөндіру бөлімінің күшімен (7 адам, 1 техника) ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, автокөлік иесі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жалған вакцина құжатын пайдаланған адамның ұсталғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар