БҚО-да жас мұғалім асулы күйінде табылды

ТЕРЕКТІ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мектеп мұғалімі асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жас мұғалім асулы күйінде табылды

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің Жаңа Өмір ауылында болды.

«17 қыркүйек күні шамамен сағат 09.30-да орман арасынан үйден 100 метр жерден 1998 жылғы қыздың денесі табылды. Тексеру барысында оның мұғалім болып жұмыс істегені анықталды», - деді полициядан.

Белгілі болғандай, 21 жастағы қыз 16 қыркүйек күні сағат 08.00-де өзінің «Фольксваген Венто» автокөлігімен жұмысқа кетіп, кешке үйіне оралмаған. Телефон қоңырауына жауап бермеген. Оны асулы күйінде 1984 жылғы көршісі қоқыс шығару кезінде тапқан.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм ауылға жаңадан келген жас маман. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.