БҚО-да жасөспірімдер пәтерге түсіп, азық-түлік ұрлаған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдер пәтерге түсіп, азық-түлік ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жасөспірімдер пәтерге түсіп, азық-түлік ұрлаған

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында болды.

Осы ауыл тұрғыны, 1975 жылғы әйелден Приурал полиция бөліміне белгісіз біреулердің үйге кіріп, азық-түлік пен темекісін ұрлап кеткені жөнінде шағым түскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде сол ауылда тұратын үш жасөспірім анықталып, ұсталды.

Қазіргі кезде Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Полиция департаменті ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларына аса мұқият болу керектігін еске салды.