БҚО-да Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында болды.

«4 қараша күні сағат 15.10-да Январцев ауылы маңында Жайық өзені жағасынан 1967 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм тоңып өлген. Январцев ауылында тұрған ер адам биылғы 14 қыркүйекте жоғалып кеткен, жұмыс істемеген. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексерудің тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізуде» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар