БҚО-да Жайық өзенінде қайық аударылып, үш адам суға батып кетті - ҚР ТЖМ

АНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жексенбі күні түнде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Есентай ауылының жанында қайық аударылуы салдарынан төрт адам суға құлап кетіп, үшеуі батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

БҚО-да Жайық өзенінде қайық аударылып, үш адам суға батып кетті - ҚР ТЖМ

Бір адам судан өзі шықты. Келесі күннің кешінде судан құтқару қызметі суға батып кеткен үшеудің денелерін алып шықты.