БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.

«Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істегенін растады.