13:01, 25 Қаңтар 2020 | GMT +5
БҚО-да жел күшейіп, бұрқасын болады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, ертең өңірде күн жауын-шашынды болады.
Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.
Оралда да ауа райы бұзылмақшы.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.