БҚО-да желтоқсан айында 1,2 мыңнан астам адам зертханалық тексеруден өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айында 1 227 адам ковидке зертханалық тексеруден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да желтоқсан айында 1,2 мыңнан астам адам зертханалық тексеруден өтті

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, індет басталғаннан бері 217 867 адамнан сынама алынған.

Күні бүгін облыс ПТР диагностикасы үшін 52 916 зерттеуге арналған 1 053 тест жүйесімен қамтамасыз етілген.

Тұрғындар арасында коронавирус жұқпасы таралуының алдын алу және оны уақтылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше.

Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді, атап айтқанда:

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;

ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» МКК;

«Олимп» КДЗ;

ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК;

«Медициналық орталық» ЖШС;

ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалы;

«СВА Интертич» ЖШС;

«INVIVO» ЖШС;

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;

«A-Class Medical» ЖШС (келісімшарт бойынша).

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекенжайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz сайтында орналасқан. ПТР тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады.

Департаменттің мәлімдеуінше, Батыс Қазақстан облысы COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».

Індет басталғалы облыс бойынша COVID-19-ды 8 344 адам жұқтырған, оның ішінде симптомдармен – 4 152, симптомсыз – 4 192 жағдай.

Өткен тәулікте өңірде 40 адам коронавируспен тіркелді, соның ішінде 25-інде ауру белгілері бар болса, қалған 15-і – симптомсыз. 17 адамнан ЖРВИ белгілерімен тексерілген кезде анықталса, 20-сы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілген 1, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 2 адамнан індет табылды.

Еске сала кетейік, Оралда жексенбі күні де автобус жүретін болды.