БҚО-да жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

ШҚО-дағы 74 учаскеде суға түсуге тыйым салынды
Фото: Pexels

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі екі күннен кейін Жайық өзенінен табылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 8 шілде күні Теректі ауданы Қабылтөбе ауылы тұсында жедел құтқару жасағының күшімен 2008 жылғы жасөспірімнің денесі өзеннен шығарылды. Марқұм киімшең күйінде болған. 

«Аталған жасөспірім 6 шілде күні демалыс кезінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады», - деп хабарлады ведомстводан. 

Теректі ауданы ТЖ бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Серіковтің нақтылауынша, жасөспірім жазғы демалыс кезінде Ақтау қаласынан осы аудандағы тума-туысқандарына қыдырып келген. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адамның мерт болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар