БҚО-да жоғалып кеткен балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жоғалып кеткен балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, Теректі ауданы Шаған ауылдық округіне қатысты Сатым елді мекенінен бес шақырым жерде Жайық өзеніне 14 сәуір күні балық аулауға кеткен 64 жастағы ер адамның жоғалғанына көп ұзамай бір ай толады.
Кеше ТЖ департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер 1 техника, 1 жүзу құралының көмегімен іздестіру жұмыстарын тағы да жүргізді. Алайда ешқандай нәтиже болмай тұр.

«Заңмен белгіленген мерзімде жоғалған адам табылмаса, онда іздестіру жұмыстары тоқтатылады», деді Н.Мұқанова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын балықшының таптырмай жатқанын жазған болатынбыз.


Фото: photoline.ru