БҚО-да жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде болды.

1978 жылғы тұрғын 16 қаңтар күні сағат 09.00-де Саркөл ауылынан мал қараймын деп шығып кеткеннен оралмаған.

Ер адамды іздеуге ТЖ (3 қызметкер, 1 техника), жергілікті әкімдік (3 қызметкер, 1 техника), аудандық полиция бөлімі (1 қызметкер, 1 техника) және ауыл тұрғындары (13 адам, 2 техника) жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде тұрғын бүгін сағат 18.25-те даладан табылды.

Еске сала кетейік, соңғы күндері ауа райына байланысты өңірде бірқатар ескертулер жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар