БҚО-да жол апатына ұшыраған шақалақтың жағдайы өте ауыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған шақалақтың жағдайы өте ауыр.

Новорожденные младенец нәресте сәби
Фото: Kazinform

Бұдан бұрын жазғанымыздай, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмған болатын.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 21 желтоқсан күні сағат 16.04-те болған жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекті.

Соның ішінде біреуі оқиға орнында қаза тапса, бір бала көлікпен Ақжайық аудандық ауруханасына бара жатқан жолда көз жұмды.

— Қалған бес адам жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына апарылды. Қазіргі таңда 1974 және 1994 жылғы екі әйел мен 1995 жылғы ер адамға ота жасалып, облыстық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты. Туғанына екі күн болған сәби (қыз бала) облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жолданды, жағдайы өте ауыр. 1948 жылғы әйел Ақжайық аудандық ауруханасында қажетті емін алуда, жағдайы орташа ауыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, 21 желтоқсан күні Чапаев-Жаңақала жолында жантүршігерлік жол апаты болды.