БҚО-да жол апаты салдарынан бір күнде 12 адам аудандық ауруханаға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше жол апаттары салдарынан Ақжайық аудандық орталық ауруханасына 12 адам түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Аудандық аурухана директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, соның сегізі кеше сағат 17.40-та Бударин ауылы маңында «Форд Галакси» мен «Шаран» автокөліктерінің соқтығысуынан кейін жеткізілген. Олардың алтауы ер, екеуі әйел адам. Ең үлкені - 1954 жылғы ер адам. Бәрінің де жағдайы ауыр, күрделі отаны қажетсінеді. Түнде біреуі облыстық ауруханаға жіберілді. Қалғандары да облыс орталығына жеткізілетін болады. Аудандық аурухана дәрігерлері кешеден бері дамылсыз жұмыстануда.

БҚО-да жол апаты салдарынан бір күнде 12 адам аудандық ауруханаға түсті ОРАЛ. ҚазАқпарат – Кеше жол апаттары салдарынан Ақжайық аудандық орталық ауруханасына 12 адам түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Аудандық аурухана директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, соның сегізі кеше сағат 17.40-та Бударин ауылы маңында «Форд Галакси» мен «Шаран» автокөліктерінің соқтығысуынан кейін жеткізілген. Олардың алтауы ер, екеуі әйел адам. Ең үлкені – 1954 жылғы ер адам. Бәрінің де жағдайы ауыр, күрделі отаны қажетсінеді. Түнде біреуі облыстық ауруханаға жіберілді. Қалғандары да облыс орталығына жеткізілетін болады. Аудандық аурухана дәрігерлері кешеден бері дамылсыз жұмыстануда. Еске сала кетейік, кеше сағат 17.40-та Орал-Атырау жолының 94-шақырымында болған ірі жол апатынан 1972 және 1974 жылғы екі әйел адам қаза тапқан болатын. ">Еске сала кетейік, кеше сағат 17.40-та Орал-Атырау жолының 94-шақырымында болған ірі жол апатынан 1972 және 1974 жылғы екі әйел адам қаза тапқан болатын.


Соңғы жаңалықтар