19:27, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
БҚО-да жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды
ОРАЛ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамыр күні таңертең Орал-Желаев жолы бойында адам өліміне соқтырған жол апаты орын алды.

Володарка ауылынан Оралға қарай келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігі мен «Audi А6» автокөлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал «Audi А6» автокөлігінің жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Көлік ішінде болған жолаушылардың біреуінің де халі ауыр, қалған үшеуі жеңіл жарақат алған. Өкінішке қарай, көп ұзамай облыстық ауруханада сол автоапатқа тап болғандардың бірі есін жия алмастан қайтыс болды. Сөйтіп аталмыш жол-көлік оқиғасы екі бірдей адамның өмірін қиды.