БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 27 желтоқсан күні Орал - Атырау жолында болып, «Лада» және «Рено» автокөліктері соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 67 жастағы әйел оқиға орнында мерт болған. 23 жастағы тағы бір әйел ауруханада көз жұмды.

Ақжайық аудандық орталық ауруханасына алты адам жеткізілді. Ашық бас-ми жарақатын алған 43 жастағы әйелдің миына зақым келген. 23 жастағы әйелдің қабырғалары сынған. Жабық бас-ми жарақатын алған 25 жастағы жас жігіттің кеуде тұсы да көгерген. 45 жастағы, 24 жастағы және 26 жастағы ер адамдар да түрлі жарақат алған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.



Соңғы жаңалықтар