БҚО-да жол апатынан әйел көз жұмды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 51 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 27 ақпан күні Подстепный-Меловые горки автожолының 4-шақырымында Жайық өзенінен өтетін көпір маңында болды.

«1993 жылғы жүргізуші Volvo жүк көлігімен 2000 жылғы жігіт айдап келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 1972 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Оған қоса ауруханаға үш адам жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, зардап шеккендер ішінде 1970 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Бас пен мидың ашық жарақатына қоса, ауыр дәрежеде миы соғылып, қан құйылған. Облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінің жансақтау бөлімшесінде жатқан оған ота жасалды.

Сондай-ақ 1973 жылңы әйел бас пен ми, кеудесінен жабық жарақат алып, миы шайқалған. Оң жақтағы екі қабырғасы сынған. Облыстық аурухананың травматология бөлімінде, жағдайы орташа ауыр. 23 жастағы жігіт оң жамбасын соғып алған. Нейрохирург пен травматологқа қаралғаннан кейін басқа тексерістен бас тартты. Амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көктайғаққа байланысты екі республикалық жолда қозғалыс шектелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram