БҚО-да жол апатынан бір жасар сәби көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 17 мамыр күні Самара-Шымкент күре жолының бойында 1975 жылғы жүргізуші «Ауди С4» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалуына жол берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апатынан көлік ішінде болған жүргізушінің зайыбы және арнайы орындықта отырған 2016 жылғы сәби зардап шекті. Түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.