БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, Самара-Шымкент күре жолы бойында автобуспен соқтығысқан «ВАЗ-2114» автокөлігінің рулінде болған Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды.

Еске сала кетейік, оқиға 27 ақпан күні Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында орын алып, үш адам жарақаттанған болатын. Соның ішінде ауыр жарақат алған полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізілген еді.