БҚО-да жол апатынан жарақат алған бала жансақтау бөлімінде жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жарақат алған 6 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жол апатынан жарақат алған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Чапаев-Жаңақала жолында екі автокөліктің түйісуі салдарынан 3 жасар бала көз жұмған болатын.

Алты жасар тағы бір бала ауыр жарақат алған еді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бала қазір облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр. Баланың миы шайқалып, аяқ-қолдары сынған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік асфальт төсейтін машинамен соқтығысып, бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.