БҚО-да жүргізуші ауыл ішінде мотоциклшіні мерт қылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен ауыл ішінде мотоциклшіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні кешкісін Бәйтерек ауданы орталығы Переметный кентінде болды.
«Шамамен сағат 19.30-да 1997 жылы туған жүргізуші «Volkswagen Passat» автокөлігімен келе жатып, Гагарин көшесі 92-үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылу кезінде «Suzuki» мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті. Мотоциклші оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да есірткіге елтіген жүргізуші қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда көпірден секірмек болған 20 жастағы келіншек құтқарылғаны хабарланды.
