БҚО-да жыл басынан бері 115 автокөлік өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 18 желтоқсан күні сағат 17.08-де Зеленов ауданы Мичурин ауылында «Форд» шағын автобусы өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да жыл басынан бері 115 автокөлік өртенді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Комсомол көшесі, 86-үйдің маңында болған оқиға орнына 1 техника, жеке құрамнан 4 адам барған. Ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста барлығы 115 автокөліктің отқа оранғаны тіркелген.