БҚО-дағы тасқынмен күрес жұмыстарына қанша ерікті жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-офисінің басшысы Нұрсұлтан Сәрсенбаев Biz birgemiz қоры өңірдегі тасқынға қарсы жұмыстарға қандай көмек көрсеткенін айтты.

Более тысячи волонтеров присоединились к работам по укреплению моста в Костанае
Фото: әкімдік

«Батыс Қазақстан облысында 2500-3000 ға жуық еріктілер жасақталды. Су тасқынынан зардап шеккен қала және аудан тұрғындарына тиісті көмек көрсетіліп, эвакуациялық орындарға көшірілді. Облыс бойынша 7000 ға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде 3000-ы балалар», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, Biz birgemiz қоры тасқынмен күрестің алғы шебінде жүрген мамандарға арнайы техника мен құралдар табыстаған.

«Күрделі жағдайға байланысты өзге облыстардан материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Biz birgemiz қорынан су сорғыш 15 мотопомпа, 500 матрас, 100 қайық жіберілді. Аталған көмектер бойынша ақпараттар әлеуметтік желіде жарияланып жатыр», - деді Нұрсұлтан Сәрсенбаев.