БҚО-дағы ветеринариялық бақылау инспекциясына жаңа жетекші келді

ОРАЛ. KAZINFORM — Тілек Мұқатов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Тілек Мұқатов
Фото: БҚО әкімдігі

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов жаңа басшыны ұжымға таныстырды. 

Аумақтық инспекциядан мәлім еткеніндей, Тілек Мақсотұлы 1979 жылы 28 сәуiрде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген. 

Білімі жоғары. 2001 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін малдәрігерлік санитария және 2004 жылы Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

2004-2006 жылдары ҚР АШМ Зеленов аудандық аумақтық басқармасының Рубежин, Раздольный, Мичурин селолық округі бойынша мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, 2008-2010 жылдары БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы болды.

2010-2011 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы мемлекеттік ветеринариялық инспекциясы бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары осы бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ 2015-2025 жылдары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Теректі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болды.

2025 жылдың 6 мамырынан бастап осы кезге дейін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірқатар судья мен сот төрағалары тағайындалғанын жазған едік.