БҚО-дағы күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-дағы күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкетті

ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласында жеті ғимаратқа зиян келген. Бұлар - облыстық балалар ауруханасы, №43 және №45 орта мектептер, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, «Әмина» тойханасы, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның екі жылыту пункті. Зеленов ауданында Дариян ауылындағы аудандық аурухана мен Шалғай, Январцев ауылдарындағы орта мектеп ғимараттарының шатыры ұшқан. Жәнібек ауданында М.Ықсанов атындағы колледжге сондай залал келді.


БҚО ТЖ департаментінің нақтылауынша, кеше кешкісін Оралда желдің екпіні секундына 21 метрге жетіп, «Жайықжылқуат» АҚ-ның Деркөл ауылындағы жылыту пунктінің аумағы 80 шаршы метр болатын шатыры құлаған. Ал Д.Қонаев атындағы шағын аудандағы осындай жылыту пунктінің ұшқан шатыры 100 шаршы метрді құраған.

nullҚалаға қарасты Желаев ауылындағы өндірістік базада қойманың 500 шаршы метр қалқасы құлаған.

Сағат түнгі 23.00-де Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында колледждің 50 шаршы метр шатыры ұшқан.

nullЖергілікті орындарда арнайы комиссиялар жұмыс жасауда.

Еске сала кетейік, қатты желдің салдарынан 10 жасар қыз бен 37 жасар ер адамның зардап шеккенін бұған дейін жазған болатынбыз. Олардың екеуі де кейін үйлеріне жіберілді.

nullnullnull