БҚО-дағы жол апаты: екі адам көз жұмды, үш жасар бала ауыр халде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кеше сағат 10.00 шамасында Чапаев-Жаңақала күре жолы бойында «ГАЗель» және «УАЗ Патриот» автокөліктері соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Үш адам жарақат алған, соның біреуі - бала.

Зардап шеккендер Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 1974 жылғы ер адам дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді.1995 жылғы жігіт ауруханаға жатқызылды. Ол орташа ауыр дәрежеде жарақат алған.

Баланың жағдайын білу үшін құрамында балалар нейрохирургі, хирург және реаниматолог бар санавиация ұшып барды. Қарағаннан кейін оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген жөн деп табылды. 2015 жылғы бала осы аурухананың хирургия бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, дегенмен есі бар, сөйлесе алады.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, қаза болғандар: 1958 жылғы әйел адам мен 1999 жылғы жігіт. Олар Орал қаласының тұрғындары көрінеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар