02:05, 03 Маусым 2017 | GMT +5
БҚО-дағы жол апатынан үш адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жеткізілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 2 маусым күні сағат 18.30 шамасында Орал-Ақсай күре жолының 77-шақырымында, Долинный мен Бөрлі ауылдарының ортасында қос бірдей «Фольксваген Шаран» автокөлігі соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Екі көлікте барлығы 12 адам болса, соның үшеуі (1 ер, 2 әйел адам) көз жұмған. Мемлекеттік нөмірі 106DAA07, қызыл түсті автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болған. Сондай-ақ көк түсті «Фольксваген Шаран» автокөлігінде (нөмірі 163ELA07) отырған тағы бір жолаушы жол үстінде жан тапсырған. Тоғыз адам Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілген.
Аурухананың бас дәрігері Жұмабек Шайхиевтің сөзіне қарағанда, жолаушылардың бірінің іш құрылысына ота жасалған, жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігердің бақылауында.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.