БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен шеттетілді

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев қызметінен шеттетілді.

Мадияр Өтешев
Фото: БҚО әкімдігі

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

— Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің 2026 жылғы 3 маусымдағы өкімімен М.Өтешев бағынысты мекемелер қызметіне тиісінше бақылау жасамағаны үшін лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан 1 ай мерзімге уақытша шеттетілді, — делінген ресми мәліметте.

Мадияр Өтешев БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне бұдан екі жыл бұрын тағайындалған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадияр Өтешевтің БҚО денсаулық сақтау басқармасын басқаратынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да қалалық медицина ұйымдарында 116 маман жетіспейді.
БҚО-да табылған медициналық қалдықтардың жай-жапсары белгілі болды.