БҚО: Деркөл ауылы 1,1 млрд. теңгеге абаттандырылады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Орал қаласына қарасты Деркөл ауылындағы 1-детальды жоспарлау жобасы шағынауданын абаттандыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО: Деркөл ауылы 1,1 млрд. теңгеге абаттандырылады

Қалалық құрылыс бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, осы қаржыға 15 шақырымдай ауылішілік жолға асфальт төселеді, тротуар салынып, арық жүйесі жасалады. Келесі кезекте 2-детальды жоспарлау жобасы бойынша осындай жұмыстар атқарылатын болады.

Айта кетейік, аталмыш жоба 2014 жылы қолға алынып, өткен жылы 18-інші және 7-інші көшелерге 2 км қатқыл табанды жол салынған болатын. Биыл 16-ыншы және 17-інші көшелерде жол салынбақ.