БҚО: Елбасы Жолдауын әскери қызметшілер де қолдайды (фото)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің клубында әскери қызметшілер Елбасы Жолдауын талқылап, бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жиында Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Алтынбай Раев Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп берді. «Елбасы Жолдауын жыл сайын қазақстандықтар асыға күтеді. Онда елдің экономикалық-әлеуметтік дамуының барлық бағыттары нақтыланады. Соның ішінде қоғамдағы өзгерістер, жаңа бастамалар Қазақстан Қарулы күштерін де айналып өтпейді», деді А.Раев.

Бұдан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров ел дамуы үшін барлық жағдай жасалып отырғанын, әскердің бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілі болып қала беретінін атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Марат Есенов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің аға офицері, майор Глеб Рыбалкин, 5517-әскери бөлімінің командирі, подполковник Аян Есжанов ел өміріндегі аса маңызды құжатты барлық әскери қызметшілер басшылыққа алуы қажеттігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар