БҚО-ға келген Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесуде

ОРАЛ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесуде.
None
None

7 сәуір күні Зеленов аудандық «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілі­сінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Анатолий Пепенин және Қабиболла Жақыповтың қатысуымен аудан белсенділерінің жиналысы өтті.

Шараның негізгі мақса­ты Елбасы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­баевтың Қазақстан халқына Жолдауы қан­дай дәрежеде іске асып жат­қандығын, не­ге қол жеткізгендігімізді жә­не болашақ­та қай бағыт­та жұмыс жасау керекті­гін талқылау болды. ҚР Пар­ла­мент Мәжілісі төр­ағасы­ның орынбасары Б.Ізмұхамбетов өз сөзінде елі­мізде жа­са­лып жатқан ау­қымды істер жө­нінде әңгіме­лей келіп, осы уақытта жеткен жетістікте­ріміз Елбасы­ның салиқалы саясатының арқасы екенін баса айтты.

Жиын соңында ау­дан әкімі Марат Оң­ғарбеков ау­дан  тұрғын­да­рының әлеу­мет­тік жағдай­­­­ла­рын жақсарту, жас маман­дардың баспана мә­се­лесін ше­шу және шағын бизнес­ті дамытуда кездесетін қиын­дықтар жайын айтты. Келген меймандар көтерілген мә­селелерді Пар­ламентте қоз­­ғайтындығын жә­не шешуге бар күшін салатын­дарын айтты. Осы жиында былтыр үй-жайлары суға ке­тіп, қиын жағдайда қалған Мұ­найшы шағынауданының тұр­ғын­дары атынан М.Бозова Б.Із­­мұ­­хамбетовке алғысхат ұсын­ды.

Жиналыстан соң Мәжіліс депутаттары жаңа­дан са­­лын­ған ауруханада және басқа әлеумет­тік мекемелерде бол­ды.

Осындай жүздесулер 14 сәуірге дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар