БҚО-ға су тасқынымен күреске бағытталған арнайы инженерлік техника жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күреске көмектесу үшін арнайы және инженерлік техника жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Техника
Фото: Эльвира Жарылқасынова/Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алматы облысынан 150-ден астам техника, оның ішінде тиеу, инженерлік, жүк және су таситын техникалары және моторлы қайықтар жөнелтілді. Алматы, Жетісу облыстары және РЖҚЖ техникалары мен жеке құрамы БҚО-ға көмекке аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы ТЖД жеке құрамы Атырау және Абай облыстарында жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар