БҚО газеттерінің 100 жылдығына арналған байқау қорытындылары жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық қазақ драма театрында БҚО «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына арналған салтанатты жиын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Осыған орай қос газет редакциясы мен «Жайық Пресс» ЖШС ұжымын Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев құттықтап, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шаһарда жоспарлы шаралар өтіп жатқандығын, аталмыш мерейтой соның бірі екендігін жеткізді.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Руслан Алишев, «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменов, кезінде облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясына басшылық еткен, қазір Алматы қаласында тұратын журналистика ардагері Ғарифолла Көшенов, «Маңғыстау медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов, Атырау облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов және басқалар ізгі тілектерін арнады.
null

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин қос газеттің 100 жылдығына орай атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Ғасырлық мерейтойға байланысты бір топ қызметкерге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің марапаттары мен облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді. Соның ішінде «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы БҚО баспасөз тарихын зерттеу орталығының бас маманы Қазбек Құттымұратұлы мен облыстық «Орал өңірі» газетінің бөлім меңгерушісі Сәкен Әбілхалықов «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің тілшілері Гүлбаршын Әжігереева мен Қалиолла Қарағойшин министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шара барысында қазақтың көрнекті ақыны Қайрат Жұмағалиевтің 80 және облыстық газеттердің 100 жылдығына арналған «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық жыр мүшәйрасының қорытындылары жария етілді. Қазылар алқасының шешімімен қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің филология факультетінің 3-курсында оқып жатқан батысқазақстандық Мәрлен Ғилымхан, Семей қаласында тұратын Қуаныш Еркінұлы және Жаңақала ауданынан Сыйлыхан Жұмасалық жүлдегер атанды.
null

Сондай-ақ қос газеттің мерейтойына орай магистранттар мен студенттер арасында курстық жұмыстар байқауы жарияланған болатын. Бұған Уфа қаласында білім алып жатқан батысқазақстандық Әли Нәби ХХ ғасыр басындағы қазақ газеттері мен қазіргі қазақ газеттеріндегі мақала тақырыптарының зерттелуі, сондай-ақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Ұлболсын Молдағалиева өз жұмыстарын жолдаған еді. Олардың екеуі де арнайы дипломдармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар