БҚО ішкі істер департаменті БАҚ өкілдерін марапаттады

ОРАЛ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Журналистердің кәсіби мейрамы қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінде осы салада белсенді жазып немесе теледидарда көрсетіп жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі болды.

БҚО ішкі істер департаменті БАҚ өкілдерін марапаттады

Департамент бастығы Махамбет Абисатов республикалық және жергілікті басылымдар қызметкерлеріне тығыз байланыс жасап, жемісті еңбек еткені үшін ризашылығын білдіріп, алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Осындай шара Орал қалалық ішкі істер басқармасында да болды. Басқарма басшысы Манарбек Ғабдуллин құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда, полиция қызметкерлерінің қызметін, сақшылар жұмысының нәтижесін көрсетуде журналистер еңбегін атап көрсетіп, сый-сияпат жасады.