БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы ауысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Тельман Шамауұлы Ибрашев БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы ауысты

Аталмыш соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаңа қызметіне кіріскен Т.Ибрашевты Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымына таныстырды.

Т.Ибрашев 1961 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған.

Кәсіби еңбек жолын 1987 жылы бастап, содан 1996 жылға дейін  Орда аудандық сотының халық судьясы болды. 1996-2007 жылдары Орал қалалық, 2007-2011 жылдары Зеленов аудандық №2 сотында еңбек еткен Т.Ибрашев 2011-2016 жылдары Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы болды.