БҚО құрамасы спорттық бағдарлаудан табысты өнер көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО құрамасы спорттық бағдарлаудан Щучинск қаласында өткен Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО құрамасы спорттық бағдарлаудан табысты өнер көрсетті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ел біріншілігіне Астана, Алматы қалалары мен өңірлерден 12 команда құрамында 146 спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, Наргиза Ерғосаева орта және ұзақ қашықтықта бірінші, спринттен үшінші орынға көтерілді. Мұстафа Махамбетұлы ұзақ қашықтықтан чемпион атанып, тағы екі бәсекеде қос күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Жанболат Дәуіт  күміс, Наргиза Нысанова мен Еділбек Елубаев қола жүлдегер атанды. Оларды БҚО құрамасының аға бапкері Райлан Нұрманов бастап апарды.
nullnullnullnull