БҚО мен СҚО-да сотталған 1700-ден астам адам еліміздің басқа мекемелеріне жеткізілді

БҚО
Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ұлан қарауылдары су басу қаупіне байланысты БҚО мен СҚО-да 1700-ден астам сотталғандарды еліміздің басқа мекемелеріне жеткізді.

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің мәліметінше Төтенше жағдайлар аясында Ұлттық ұлан бөлімшелері су басу қаупі бар аудандарға жататын елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларды орындап жатыр. Сонымен қатар мұны өз бетінше жасай алмайтын адамдарды эвакуациялап жатыр.

Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – ҚАЖ) су басу қаупіне байланысты сотталғандарды Орал қаласының №27 ҚАЖ-нан Қазақстан бойынша басқа түзеу мекемелеріне әкету туралы шешім қабылданды. 

БҚО
Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Осыған байланысты, 7552 (Алматы қ.), 6505 (Қарағанды қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қысқа мерзімде Орал қаласынан 700-ге жуық сотталғандарды темір жол қарауылымен шығарды. Оларды тасымалдау үшін арнайы автомобильдер мен теміржол вагондары тартылды. Хаттама бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асыру үшін құқықтық тәртіп әскерлерінің 400-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды. 

БҚО
Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Өткен аптаның соңында Қазақстанның солтүстігінде сотталғандарды осындай тасымалдау жүргізілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Петропавл қаласының №48 ҚАЖ мекемесін су басу қаупіне байланысты осы облыс орталығындағы әйелдер колониясына (№50 ҚАЖ) 750-ден астам сотталған ер адамдарды орналастыру туралы шешім қабылданды. Бірақ, әрине, алдымен 300-ден астам барлық әйел одан шығарылды. 

БҚО
Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта сотталған әйелдер Қарағанды облысындағы Көксүн кентіндегі ҚАЖ мекемелеріне жеткізілді. Петропавл қаласының ТИЗО-да қамауда отырған адамдарға қатысты осындай шаралар қабылданды және олар Көкшетау қаласына шұғыл эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар