12:33, 12 Маусым 2019 | GMT +6
БҚО мен СҚО-да жел күшейіп, бұршақ жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
13 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Сол күні күндіз Орал қаласында маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с жетіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал.
13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.