БҚО-ның Қаратөбе ауданында тамыз айының соңына дейін 90 үй бой көтермек

Қаратөбе
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстанның Қаратөбе ауданында тамыз айының соңына дейін 90 үй бой көтермек. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдап отыр.

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

Құрылыс жұмыстарын а. ж. тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 401 тұрғын үй салу;

- 1 497 үй сатып алу;

- 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram