БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты

АСТАНА. KAZINFORM — 26-27 қыркүйекте Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының «Жайық толқыны» креативті көрмесі өтті.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өңір креаторлары көрмеде Батыс Қазақстанның шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті брендтер мен авторлық туындыларын ұсынды.

Жәрмеңкеге қолөнер шеберлері, суретшілер, зергерлер, дизайнерлер, ағаш және тері өңдеу ісінің 40-тан астам маманы қатысты.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көпшілікке музыкалық аспап жасау, ағаш өңдеу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарламада жергілікті дизайнерлердің топтамалары да ұсынылды. «Мария ханым» сән үйі, AS_brands.kz және «ДариЛили» сән орталықтары өз топтамаларын таныстырды.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрмеде Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы да жан-жақты таныстырылды. «Балбалтас баяны» және «Музей мұрасы» жобалары арқылы облыстың тарихы мен құнды мұралары көпшілікке кеңінен насихатталды. Сондай-ақ «Долана» мультфильмі көрсетілді.

Екі күн ішінде көрмеге 3 мыңға жуық адам барды. Өңір креаторлары 5 млн теңгенің өнімін сатты.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Creative Aimaq жобасы өңір креаторларын қолдауға, отандық брендтерді кеңінен танытуға, креаторлардың өз өнімін нарыққа шығаруына жағдай жасауға, ұлттық мұраны дәріптеуге және креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

БҚО-ның креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі