БҚО өрт сөндірушілері жалын шарпыған гараждан екі көлікті алып шықты

ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО өрт сөндірушілері жалын шарпыған гараждан екі көлікті алып шықты.

өрт көлік
Фото: Видеодан алынған кадр

- Орал қаласындағы Шукуров көшесінде ТҚКС ретінде қайта жабдықталған гаражда өрт орын алды.

Жедел келген өрт сөндірушілер жанып жатқан гараждан екі автокөлікті эвакуациялады. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Мамандар төтенше жағдай туындай қалса, 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.

Соңғы жаңалықтар