БҚО полицейлері 465 дана киік мүйізін тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 дана киік мүйізін шаруашылық құрылыста жасырған, деп хабарлайды polisia.kz сайты.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.