БҚО полициясы Үндістанның 12 азаматын ұстады
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Үндістаннан келген бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады. Тексеру барысында шетелдіктердің 8-інде Қазақстан аумағында визасыз болу мерзімі өтіп кеткені анықталды.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы (»Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы«) бойынша жауапкершілікке тарту үшін 8 шетелдікке қатысты іс сотқа жолданды.
Ұсталғандар Қазақстанға турист ретінде ұшып келгені белгілі болды», - делінген полиция мәліметінде.