БҚО прокуратурасының жұмысы қорытындыланды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін, 2010 жылғы шілденің 22-інде Ж.Байтұқбаевтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде, қала аудан және арнайы прокурорларының қатысуымен 2010 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша қадағалау қызметінің қорытындысы талқыланды

БҚО прокуратурасының жұмысы қорытындыланды

және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.Мәмидің тапсырмасымен алдағы уақытқа азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық және қылмыспен күресте прокуратура органдарының үйлестіру қызметін күшейту, заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған міндеттер қойылды.

Облыс прокуратурасы органдары өткен жартыжылдықта аумақтағы криминогендік жағдайдың алдын алу, қадағалау қызметін жетілдіру және құқық қорғау рөлін бекітуде нақты жұмыстар атқарды.

Бас прокуратурамен қойылған стратегиялық міндеттер жалпы орындалды.

Ағымдағы жылы құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске бағытталған қызметін үйлестіруі жалғасып, алдын алу шараларына басты назар аударылды. Ол 2009-2011 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарға қарсы күрес Аумақтық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Құқық қорғау және құзыретті мемлекеттік органдармен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарға қарсы күрес Аумақтық бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шараларға қатысты сауалдар Үйлестіру кеңесінде талқыланып, ұсынымы негізінде облыс әкімдігімен Зеленов ауданының мектептегі балалардың бірлестігі, ерікті халық қауымдары, ақсақалдар кеңесін тарту арқылы қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының оң тәжірибесі насихатталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау бағытында қоғамдық бірлестіктерді қалыптастыруға бағытталған белсенді жұмыстар атқарылуда.

Тергеу мен анықтаудың сапасын арттыру, есепке алудың дұрыстығына қол жеткізуде қатаң шаралар қабылданды. Прокурорлар 700-ден аса заңсыз шешімнің күшін жойып, 127 жасырын қылмысты ашты және есепке қойылды, 246 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 16 -сы қызметін өткерумен байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыс көлемінде жалпы қылмыстың деңгейі 20,7%-ға, оның ішінде тонау, қорқытып алу, бөтеннің мүлкін ұрлау және бұзақылықтың саны өсті. Бұл, алдымен, қылмыстық-тіркеу саясатының сақталуына талаптың күшеюімен түсіндіріледі.

Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күресте нақты жұмыстар атқарылды. Алдын ала тергеу сатысында 1,3 млрд. теңгеден аса немесе қылмыспен келтірілген зардап сомасының 41,4% мемлекет пайдасына өндірілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада 19 мың азаматтың, оның ішінде 6 мың кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқығы қалпына келтірілді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаумен байланысты 12 заңсыз акт күшін жойып, өзгертілді.

Экономикалық дағдарыс салдарының алдын алудағы прокурорлар қызметінде азаматтардың еңбек ақысының төленуі өзекті мәселеге айналды. Уақтылы қабылданған шаралармен жартыжылдық шеңберінде облыста жалақы бойынша берешек сомасын 40 млн. теңгеден (ү.ж. басында) 26 млн. теңгеге төмендетуге мүмкіндік туды. Прокурорлық актілердің негізінде 1 740 жұмысшыға 59,6 млн. теңге көлемінде жалақылары төленіп, облыста жаппай наразылық тудыру жәйттерінің алды алынды.

Әрбір ауданда кәсіпкерлер құқығының бұзылуына жедел әрекет етуші мобильді топтар құрылды. Уақтылы ықпал етудің негізінде прокурорлармен 1 128 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Қадағалаудағы басым бағыттардың бірі-тұрғын үй коммуналдық саласында тауарлар мен қызмет көрсетуде негізсіз тарифтерді көтерумен байланысты тұтынушылар құқықтарының қорғалуы. Прокурорлардың уақтылы араласуы 1 136 тұтынушының құқығының қорғалуына мүмкіндік берді.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша негізгі міндеттер қойылып, азаматтардың әлеуметтік құқығының қорғалуы, дағдарыс салдарының алдын алуға мемлекеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы заңдылығын қадағалау, бірыңғай Кеден одағында сыртқы экономикалық заңнаманың сақталуы, кәмелетке толмағандардың, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықты уақтылы анықтау, алдын алу жұмыстарын күшейту және қадағалау қызметінде орын алған кемшіліктерді жою айқындалды.