БҚО шекарасында Ресейге заңсыз өтпек болған 6 өзбекстандық ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда шекараны заңсыз өтпек болған өзбекстандықтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

БҚО шекарасында Ресейге заңсыз өтпек болған 6 өзбекстандық ұсталды

Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары 30 қыркүйекте «Lifan» маркалы көлікпен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 6 өзбекстандық пен Қазақстанның 1 азаматын ұстады. Олар Ресей Федерациясына өту үшін мемлекеттік шекараның өткізу пунктін айналып өтуді жоспарлаған», - делінген таратылған хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты құқықтық тәртіптер қабылданбақ.