Апелляциялық сот студенттің алимент алу құқығын қорғады

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылы 18 жастағы ұлының Еуропада оқуына, сондай-ақ оған жұмсалатын шығынды төлеуге міндеттенген Орал қаласының тұрғынын жеке сот орындаушысымен (ЖСО) татуластырған.

 Атырауда тұтыну кооперативіне қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ҚазАқпарат ХАА

Батыс Қазақстан соттары Telegram арнасының хабарлауынша, келісімге сәйкес 4 жыл оқуға (2022–2027 жж.) төлем сомасы 20 млн теңгені құраған. Осы келісім негізінде атқару өндірісі қозғалған. Алайда, кейінірек әкесі қаражатты төлеуден бас тартып, сотқа жүгініп, жеке сот орындаушысының атқарушылық іс қозғау және одан осы алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі әрекеттеріне шағымданған.

Соты оның ұлының Еуропада оқитыны туралы дәлелдердің жоқтығы туралы әкесінің айқандарын сенімді деп тауып, талап қоюды қанағаттандырған, сонымен қатар талап қоюды мерзімінен бұрын берілген деп есептеген.

Апелляция бұл тұжырымдардың істің мән-жайына, әділдік пен парасаттылық қағидаттарына сәйкес келмейтінін анықтады.

Әкесінің ұлы процеске қатысушы емес, сондықтан талап қоюшы бола алмайды деген дәлелдері қабылданбады, өйткені келісім шарттарында оның оқу ақысын төлеу міндеті тікелей көрсетілген. Келісімге әкесі «Мен оқыдым және келісемін» деген жазумен қол қойған.

20 млн теңге өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізудің негізсіз қозғалуына қатысты дәлелдер де назарға алынбады.

Сот талқылауында әкенің өзі жасаған редакциялау актісіне сәйкес, өндіріп алу сомасы 20 млн теңгеден 5 млн теңгеге өзгертілген (2023-2024 оқу жылына).

Оның Еуропада оқуын растау үшін Мадридтегі Еуропалық университеттен талап қоюшының ұлын 2023–2024 оқу жылына дене шынықтыру және спорт факультетіне студент ретінде қабылдау туралы хат ұсынылған.

Апелляция, соттан айырмашылығы, бұл хатты рұқсат етілген дәлел ретінде таныды, оның түпнұсқасы іс материалдарына қоса беріліп, ұлының виза алғанын және оның Мадридке келгенін растайтын төлқұжат пен билеттің фотосуреттері де ұсынылған.

Сонымен қатар, студенттің өзі Испанияда 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Мадридтегі Еуропа университетінде оқитынын растаған, 2023 жылдың қыркүйек және қазан айлары үшін оқу ақысын төлеу туралы құжаттарды, сондай-ақ оқуына байланысты оның Испания Корольдігінде уақытша консулдық тіркелуі туралы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің жауабын ұсынған.

Осы мәліметтердің негізінде МАӘС-ның шешімі өзгертілді, студенттің әкесінің талап қоюына бас тартылды.

Осыған дейін БҚО-да алименттен жалтарған қос азаматтығы бар ер адамға жарты млн теңге айыппұл салынғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар