БҚО стационарларында коронавируспен 500-ге жуық науқас жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте коронавирусқа 3 092 ПТР зерттеу жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, өңірде 13 зертхана (қуаты тәулігіне 6 мың тест) жұмыс жасайды. Бұларда 21 281 зерттеуге арналған 425,4 тест жүйесі бар.

Осы кезге дейін барлығы 559 011 зерттеу жүргізілді.

Соңғы тәулікте облыста 105 адамнан коронавирус анықталып, 49 науқас жазылып шықты.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, індет жұқтырғандар саны 9 пайызға (73 адамға) азайды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 12 282 науқас тіркелді. Олардың 57,3 пайызы (7045) Орал қаласы, 13,2 пайызы (1633) Бәйтерек, 10,9 пайызы (1340) Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

«Қазіргі кезде 1 123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 477 науқас ем қабылдауда. Облыс бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 64 037 адам, екінші компонентін 25282 адам алды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 62 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар